Басқа спорт түрлері
Бильярдтан журналистер арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі өтеді
30 сәуір және 1 мамыр күндері бильярдтан Алматыда Қазақ тележурналистикасының ақтангері Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі өтеді.

Турнир қаладағы «Бастау» клубында (Шагабутдинова,109) өтетіні хабарланды. Жарысқа облыстарымыз бен Астана,Шымкент және Алматы қалаларынан 16 команда шақырылған.
Нұртілеу Иманғалиұлы 2021 жылдың 17 ақпанында 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», Nur-Tiley авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.