Күрес
Грек-рим күресінен Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр.

Сары құрлық біріншілігінде еліміздің атынан 10 спортшы қатысады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz:
55 кг: Аманғали Бекболатов
60 кг: Ернұр Фидахметов
63 кг: Мейрамбек Айнағұлов
67 кг: Мейіржан Шермаханбет
72 кг: Абылайхан Әмзеев
77 кг: Мақсат Ережепов
82 кг: Диас Қаллен
87 кг: Нұрсұлтан Тұрсұнов
97 кг: Санжар Серікқан
130 кг: Әлімхан Сыздықов
Балуандар Алматы облысындағы «Ақбұлақ» орталығында жаттығу жасап жатыр. Оқу-жаттығу жиындары 16 сәуірге дейін жалғасады.