Басты

Кәсіпқой футзал лигасы құрылады

Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында өткен елімізде футзалды дамыту бойынша жиында қабылданды.

Шешімді футзалдан Қазақстан чемпионатының барлық клубтары қолдады.

Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментін басқарған болатын.

Ұйымның негізгі қызметі футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру болмақ: OLIMPBET-ҚР Чемпионаты, OLIMPBET-ҚР Кубогы, OLIMPBET-ҚР Суперкубогы, сонымен қатар барлық жас ерекшеліктері бойынша ел біріншіліктері (U-13, U-15, U-17).

Күн тәртібіне футзалдан Қазақстан Бірінші лигасын құру және жаңа маусымнан бастап футзал командаларын сертификациядан өткізу мәселелері қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button