БастыҚысқы спорт
Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алды
Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, бұл мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылар үшін тарихи жетістік. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.