Басқа спорт түрлері

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогында алғаш рет күміс медальға қол жеткізді

Парижде өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогынде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Руслан Құрбанов отандық семсерлесу тарихында алғаш рет күміс медаль еншіледі.

Бұл туралы «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметі хабарлады.

Финалда ол француз спотшысы Лопез Портье Нельсонпен кездесті. Өкінішке қарай, қарсыласына есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты.

Дегенмен, Руслан алғаш рет финалда өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп отыр. Отандасымыз бұған дейін әлем кубогында екі рет қола медаль алған.

Француз спортшысына келетін болсақ, ол үшін бұл ересектер жарыстарындағы алғашқы жетістігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button