Күрес

Айнағұлов қырғыз балуанынан айласын асыра алмады

Мирамбек Айнағұлов Ұлан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медальға қол жеткізді.

63 келіде бозкілемге шыққан Мирамбек Айнағұлов финалда қарсыласы Тынар Шаршенбековке (Қырғызстан) есе жіберді. Екеуара кездесу қырғызстандық балуанның таза жеңісімен аяқталды.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші күмісі. 55 келіде сынға түскен Аманғали Бекболатов ел қоржынына бірінші күмісті салған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button