Күрес

Азия чемпионаты: Мадина Бақбергенова финалға шықты

Қазақстандық бұрымды балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

68 келінің алтын медалін ол Токио олимпиадасының қола жүлдегері қырғызстандық Мейрім Жұманазаровамен сарапқа салады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мадина Бақбергенова финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басым түсіп, финалда күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, 76 келіде бозкілемге шыққан Гүлмарал Еркебаева құрлық додасының қола жүлдесі үшін бағын сынайды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы Моңғолия балуаны Ариунжаргал Ганбат болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button