Күрес

Гүлмарал Еркебаева қола жүлде бұйырды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты.

Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button