Күрес

Әділет Даулымбаев — Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Моңғолияда өткен Азия чемпионатында еркін күрес балуандарының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Бұл жолы Әділет Даулымбаев қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз үшінші орын үшін таласта Жапониядан келген Таку Отцумен кездесті. Жекпе-жек барысында Даулымбаев тоғыз ұпай айырмашылығымен жапоннан жеңіліп жатқан, бірақ бар күшін жиған жерлесіміз қарсыласын алып ұрды.

Бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен Азамат Дәулетбеков Қазақстанға алғашқы алтын әкелген болатын.

Сонымен қатар еркін күрестен бес қазақстандық спортшы Азия чемпионатының медальдарын жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахат Қалжан мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Акбар Құрбанов (61 келіге дейін), Сырбаз Талғат (70) және Мамед Ибрагимов (97) қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button