Басты
Еркін күрестегі алғашқы алтын: Азамат Дәулетбеков топ жарды
86 келіге дейінгі салмақта шешуші айқаста ол үндістандық Дипак Пуниямен кездесті.
Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Моңғолияда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
86 келіге дейінгі салмақта шешуші айқаста ол үндістандық Дипак Пуниямен кездесті. Жекпе-жек 6:1 есебімен аяқталды.
Қазақстандық еркін күрес шеберлері үшін бұл Моңғолиядағы Азия біріншілігінің алғашқы алтыны.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бес қазақстандық еркін күрес балуаны Азия чемпионатының медалін жеңіп алған болатын. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахат Қалжан мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Акбар Құрбанов (61 келіге дейін), Сырбаз Талғат (70) және Мамед Ибрагимов (97) қола жүлдеге ие болды.