Шетел жаңалықтары

Томас Мюллер Бундеслигада 11 рет топ жарған алғашқы ойыншы атанды

Мюнхендік команда Германия чемпионатының 31-турының матчында дортмундтық "Боруссияны" жеңді.

“Баварияның” шабуылшысы Томас Мюллер неміс бундеслигасының 11 дүркін чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Мюнхендік команда Германия чемпионатының 31-турының матчында дортмундтық «Боруссияны» жеңіп, турнир алтынын мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын.

«Баварияның» екі ойыншысы — шабуылшы Роберт Левандовски мен қақпашы Мануэль Нойер Бундеслигада осымен оныншы рет чемпиондық атаққа ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мюллер «Бавария» сапында 2008/09 маусымынан бері ойнап келеді. Команда құрамында ол Германия кубогында алты рет, ел Суперкубогында жеті рет топ жарып, сондай-ақ екі рет Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және Клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button