Күрес

Жеңіске жету үшін екі есе жұмыс істеу керек — Жәмилә Бақбергенова

Әйелдер күресінен Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова құрлық додасынан кейін елге оралды. Екі дүркін Азия чемпионы атанған бұрымды балуан Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.

«Азия чемпионатында барлық қарсыластар жақсы болды. Соның ішінде соңғы кездесуім — жапониялық балуанға қарсы белдесу ерекше болды деп ойлаймын. Есеп теңбе-тең болғанымен соңғы әдісті мен жасағандықтан белдесу де менің еншіме шешілді.

Алда маңызды жарыстардың бірі Алматыда өтетін рейтингтік ірі турнир бар. Ендігі дайындықтың барлығы осы турнирге арналады. Алматыда, өз жерімізде өтетін болғандықтан біз үшін жауапкершілігі жоғары. Жеңіске жету үшін екі есе жұмыс істеу керек. Ал чемпион атану үшін үздіксіз еңбек ету керек», — дейді Азияның екі дүркін чемпионы атанған Жәмила Бақбергенова.

Айта кетерлігі, Жәмила Бақбергенова Ұлан-Баторда (Моңғолия) өткен Ази чемпионатында 72 келі салмақта топ жарған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button