Тағайындау

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

1. Функционалдық міндеттері:
ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;
ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады;
мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
дене шынықтыру және спорт саласында аналитикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады;
бұқаралық спортты басқару жүйесі мен ұйымдастыруды жетілдіру, жоғары білікті спортшыларды дайындау, спорт резервін іріктеу бойынша әдістерді, бағдарламалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт саласында семинарлар, конференциялар, көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, дене шынықтыру және спорт саласында алғы шетел тәжірибесімен алмасу және зерттеуді ұйымдастырады;
ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұйымның ғылыми-әдістемелік қызметі бойынша есебін ұсынады.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
басшылық лауазымдарда немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл, докторлық (кандидат-үміткер) ғылым деңгейі болған жағдайда ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
3. Білуі тиіс:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясын; 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Заңдарын:
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»;
2011 жылғы 1 сәуірдегі «Мемлекеттік мүлік туралы»;
2041 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы»;
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы»;
педагогика, психология және физиология негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
4. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттары бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 314 каб. Толық ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 (7172) 74-02-52, 74-06-20.

____________________________
(азаматтық қызметкер)

Өтініш
Мені ________________________________________
бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________

________          ____________________________________
(қолы)               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Back to top button