Әлем чемпионаты 8-21 мамыр аралығында Түркияның Стамбұл қаласында өткізіледі. Байрақты бәсекеге қазақстандық боксшылар 12 салмақта жүлдеге таласады.
Ұлттық құраманың бас бапкері Шәміл Сафиуллин Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сыны шәкірттеріне сенім артып отыр.
Әлем чемпионатына дүниежүзінің 84 мемлекетінен 400-ге тарта былғары қолғап шебері келеді деп жоспарланып отыр. Аталған турнир 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақстан құрамасы қазірге дейін барлығы 51 медаль еншіледі. Олардың 14-і алтын, 15-і күміс, 22-і қола.