Басқа спорт түрлеріБастыПараспорт

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына 1 күміс, 3 қола медаль түсті

Күні кеше ғана Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында жалауы көтерілген XXIV жазғы Сурдлимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстан құрама­сының спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

Дзюдодан Алдыбек Нұрмұхамед (60 кг) финалда қарсыласына жол беріп, күміске қол жеткізсе, Фериде Караоғлы (48 кг), Дина Иржанова ( 52 кг), Шаяхмет Қанапиянов (73 кг) өз салмағында үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Осылайша, жарыстың бірінші күнінде Қазақстан делегациясы 1 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 16-орынға жай­ғасты.

Көш басында 12 алтын, 3 күміс, 9 қоласы бар Украина құрамасы тұрса, 4 алтын медаль иеленген Жапония 2-сатыда. Екі алтыны бар Иран, Венесуэла мен АҚШ спортшылары үшінші орын­ды өзара бөлісіп тұр. Әзірге 20 мемлекеттің өкілі тұғыр сатысына көтерілді.

Сурдлимпиада жарыстары 15 мамырға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button