“Романың” 2021/2022 жылғы Конференциялар лигасының финалына шығуы римдіктердің жаттықтырушысы Жозе Моуриньюға еуропалық клуб турнирлерінің тарихында өз атын жазуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Championat.com.
59 жастағы португалдық маман Чемпиондар лигасының («Порту», «Интер»), Еуропа лигасының («Манчестер Юнайтед») және Конференциялар лигасының финалына шыққан алғашқы жаттықтырушы болды.
Айта кетейік, Моуринью осы клубтардың әрқайсысымен кубокты жеңіп алды. Ал 2003 жылы португалиялық бапкер «Порту» клубымен УЕФА Кубогын жеңіп алды.