Таеквондо

Қазақстандық таеквондошылар Сурдлимпиадада үздік үштіктен көрінді

Пумседен ерлер арасындағы жекелей сында Олжас Рысжанов үшінші орынға ие болды.

Қазақстандық таеквондошылар Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Пумседен ерлер арасындағы жекелей сында Олжас Рысжанов үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Олжас Рысжанов пен Айжамал Әбдіқатова жұбы пумседен командалық есепте үздік үштікті қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы олимпиадада Қазақстан атынан тоғыз таеквондошы қатысып жатыр.

Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 4500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button