Басты
Жазғы Азия ойындары 2023 жылға шегерілді
2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс жазғы Азия ойындары 2023 жылға қалдырылды.
Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесінің (АСА) төрағасы Рандхир Сингх хабарлады.
Ойындарды шегеру туралы шешім Ташкентте өтіп жатқан Азия Олимпиадалық кеңесінің атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.
Ұйымдастыру комитеті бұған не себеп болғанын әлі айтқан жоқ. Алдын ала болжам бойынша, бұл Шанхайдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болуы мүмкін.
Ойындар өтетін нақты уақыт жақын арада белгілі болады.
Азия ойындары 2022 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында ұйымдастырылуы тиіс болатын.