Бокс
Валентина Хальзова Түркиядағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Ыстамбұлда (Түркия) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық Валентина Хальзова (70 келіге дейін) турнирдегі алғашқы қарсыласын жеңді.
Оның 1/16 финалдағы қарсыласы Кения өкілі Лорна Куса Симби болды. Біздің спортшымыз жекпе-жекті екі нокдауннан кейін бірінші раундта аяқтады.
Хальзованың келесі қарсыласы оңтүстік кореялық Суджин Сеон болмақ.