Басқа спорт түрлері
Сурдлимпиадада: Ұлттық құрама капитаны қола жүлде жеңіп алды
Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында таэквандодан жарыстар аяқталды. Ұлттық құрама капитаны, 58 келіде сынға түскен Аян Әбдіраш қола жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ, 68 келіде ел намысын қорғаған Нұрдәулет Жақып пен +80 келіде Фрундин Виктор да үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иегерлері атанды. Ал, ядро лақтырудан Ольга Хижнякова Қазақстан қоржынына үшінші күміс жүлдені салды. Спортшымыз 12.32 метр нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Украина спортшысы жеңіп алса, үздік үштікті Колумбия өкілі қорытындылады. Сонымен қатар, жеңіл атлетикадан Фархат Қыстаубаев кедергілермен жүгіруден қола жүлдені иеленсе, Раушан Бейсебай сырықпен секіруден үздік үштік қатарынан көрінді. Ал, Ольга Хижнякова балға лақтырудан тағы бір қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен, Қазақстан қоржынында 3 күміс, 15 қола жүлде бар.