Әлем чемпионатында Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кеше қазақстандық Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен кездесу өткізіп, қарсыласына есе жіберді.
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Алуа Балқыбекова (48 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифке есе жіберді. Енді ел құрамасынан жеті боксшы алдағы күндерде шаршы алаңға шығады. Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.