Дзюдо

Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтеді

Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді.

Азия кубогына 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталған құрлықтық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 700-ден астам спортшы бақ сынайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес Азия кубогы Қазақстанда осымен бесінші рет ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесіне сейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге 40 ұпайдан беріледі.

Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының жарыс кестесі:

13 мамыр

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг

Қыздар: -40 кг, -44 кг, — 48 кг, — 52 кг, -57 кг

14 мамыр

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Жасөспірімдер

Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

Жастар

Ұлдар: -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -48 кг, -52 кг;

15 мамыр

Жастар

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Басқа жаңалықтар

Back to top button