БастыБокс

Назым Қызайбай: Бірінші кездесуде-ақ жарыстан шығып қалдым

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында Назым Қызайбай жеңіліс тапты.

Ол 50 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан. Отандасымыз Түркия шаршы алаңында колумбиялық Ингрит Валенсияға есе жіберді

«Бірінші кездесу болғандықтан қиынға соқты. Бірінші раундта қарсылас басым болды. Дегенмен одан кейін жиналып, екінші және үшінші раундтарды алған сияқты едім. Қарсыласым тәжірибелі боксшы. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Жалпы алғанда, жаман бокстасқан жоқ. Жеңілдім деп ойламаймын. Әрине, бұдан да жақсы жұдырықтасуға болар еді. Төреші жеңісті қарсыласқа берді. Тағдыр осылай жазып тұрған шығар. Көп дайындалдық. Алайда бірінші кездесуде-ақ жарыстан шығып қалдым. Қалай болса да әріқарай жаттығуды жалғастыра беремін», — деді Назым Қызайбай.

Енді күндізгі сессияда Дина Жоламан (54 келі) испаниялық Мария Мадуэньо Кондемен, Римма Волосенко (60 келі) англиялық Шона Уитуэллмен жекпе-жекке шығады. Кешкі сессияда Дариға Шәкімова (66 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button