Басты
Сурдлимпиада: Онсайыстан Фархат Қыстаубаев алтын алды
Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан Фархат Қыстаубаев чемпион атанды.
Отандасымыз жарыс барысында 5400 ұпай жинады. Бұл Фархаттың екінші жүлдесі. Ол бұған дейін 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медаль еншілеген.
«Біздің дайындық жоғары деңгейде өтті. Шәкіртің чемпион атанғанда эмоция бөлек. Кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр. Енді тезірек елге оралғымыз келеді. Қазақстанды сағындық. Сосын жаңа жарысқа дайындаламыз», — деді жеке бапкері Станислав Фоленвейдер.
Жазғы Сурдлимпиада ойындары Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өтіп жатыр.