Бокс
Әлем чемпионаты: алты боксшымыз ширек финалда
Қазақстан құрамасының алты спортшысы бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Olympic.kz мәліметінше, 54 келіде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан жарыстың 1/8 финалында канадалық Скарлетт Дельгадоны айқын басымдықпен жеңді.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы сербияллық Елена Жекич болмақ.
Сондай-ақ, 52 келіде жұдырықтасқан Жайна Шекербекова кезекті кездесуінде жапониялық Ринки Киношитаны жеңіп, ширек финалистер қатарына қосылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының алты спортшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Олар:
Алуа Балқыбекова (48 кг)
Жайна Шекербекова (52 кг)
Дина Жоламан (54 кг)
Карина Ибрагимова (57 кг)
Валентина Хальзова (70 кг)
Гульсая Ержан (81 кг)