Шетел жаңалықтары
Жеңілмеген боксшы чемпиондық атағынан айырылды
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы шотландиялық Джош Тейлорді (19-0, 13 КО) чемпиондық атағынан айырды.
Бұл туралы ұйымның ресми өкіліне сілтеме жасай отырып Fightnews.info хабарлайды, деп жазады qazaqsporty.kz.
Бұған Джоштың доминикандық Альберто Пуэлломен (20-0, 10 КО) міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартуы себеп болған.
WBA-дің бұл шешіміне қатысты Тейлордің өзі де пікір білдіріп үлгерді.
«Титулдан бас тартқан өзім. Белбеуді шешу туралы шешімді өзім қабылдадым», – деді ол.