Гимназиада-2022: қазақстандық оқушылар үздік үштіктен көрінді
Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.
Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, оқушылар таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.
ҚР БҒМ ұлттық құрама басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальді қайтарып беру үшін апелляция берді.
«Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты.
Оқушыларымызды әлемдік гимназиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Әрине, бұл жүлделер – дайындықтың, табандылықтың, еңбектің, тәртіп пен талпыныстың жемісі. Әуежайда сіздерге үлкен үміт артып, шығарып салған едік және сіздер оны ақтай білдіңіздер.
Ұстаздарыңызға, жаттықтырушыларыңыз бен ата-аналарыңызға алғыс айтамын», – министр.
Оқушылар арасындағы Дүниежүзілік спорттық олимпиада Францияның Нормандия қаласында өткен болатын.
Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстары жалғастыратынын айтты.