Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Италияны жеңген Қазақстан элиталық дивизионда қалды

2022 жылғы хоккейден әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Италиямен ойнады.

Ойында мықтылар арасында кімнің қалатыны анықталды. Бұл матчқа бас бапкер Юрий Михайлис мына құрамға сенім артты: Шутов (Кудрявцев) – Орехов-Блэкер, Старченко-Сағадеев-Акользин; Метальников-Диц, Рахманов-Волк -Михайлис; Шалапов-Бекетаев, Шевченко-Шестаков-Панюков; Данияр Сн., Данияр См., Әсет-Гурков-Петухов.

Бірінші кезеңде командалар шайба алмасты, Кертис Волктың голына Брэндон Макнелли жауап қайырды, содан кейін Валерий Орехов қазақстандықтарды алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінде Әлихан Әсетов мергендігімен көзге түскен, дегенмен қарсыластар сапынан Диего Костнер есепті қысқартты. Барлығы соңғы жиырма минутта шешілді, Роман Старченко мен Никита Михайлис Италия қақпасын дәл көздеп, есепті 5:2-ге жеткізді.

Осылайша, қазақстандықтар үш ұпай жинап, әлем чемпионаты тобында жетінші орын алды, ал итальяндар сегізінші орын иеленіп, элиталық дивизионнан шығып қалды

Басқа жаңалықтар

Back to top button