Шетел жаңалықтары
«Ролан Гаррос»: мықтылар жарысты ерте аяқтап жатыр
Әлемдік рейтингте сегізінші орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында әлемнің 227-ракеткасы француз Леолия Жанжаннан жеңілді.
Плишкова екі сетте есе жіберді — 2:6, 2:6.
Осылайша Франция ашық біріншілігінің үшінші айналымы басталмай жатып WTA рейтингінің алғашқы ондығына кіретін алты теннисші жарыстан шығып қалды.
Бұған дейін Барбора Крейчикова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Онс Жабер мен Гарбинье Мугуруса турнирді ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Бүгін, 26 мамыр күні, қазақстандық теннисшілер Парижде сегіз ойын өткізеді.