Дзюдо

Елордада парадзюдодан IBSA Гран-при турнирі өтті

Турнирге 22 елден 201 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды (1 алтын, 2 күміс және 3 қола).

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Бразилия, Түркия және Иран елінен кейін 4-орынға тұрақтады.

🔹️Парадзюдодан жарысқа қатысатын спортшылардың екі категориясы болады — J1 және J2. Бірінші категория – зағип спортшылар, екінші санат – нашар көретін спортшылар.

🔹️Жарыстың алғашқы күні J2 — 48 келі салмақ дәрежесінде елордалық Ақмарал Науатбек жарқын жеңіске жетті. Ақмарал барлық жекпе-жегін иппонмен таза ұтты. Бұл оның паралимпиадалық дзюдодан бірінші халықаралық жарысы.

🔹️Ерғали Шәмей (73 кг J1) және Олжас Оразалы (73 кг.J2) күміс медальге қол жеткізді. J2 санатында Даяна Федосова (57 кг) қола медаль үшін күресте қарсыласынан айласын асырды.

🔹️Ал доданың екінші күнінде бірден 5 қазақстандық спортшы қола медаль үшін күресті. Олар:

1. Жанбота Аманжол 90 кг.J2.,

2. Дулат Бөгенбаев +90 кг.J2.,

3. Бауыржан Арыстанбеков 90 кг. J1.,

4. Ерлан Өтепов +90 кг. J1.,

5. Ерлан Конкиев +90 кг. J2.,

🔹️Аталған жекпе-жектерде Жанбота Аманжол мен Бауыржан Арыстанбеков жеңіске жетті.

🔹️Гран-придің марапаттау рәсіміне ҚР МСМ Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Республикалық Спортты дамыту дирекциясы директоры Маратбек Мықтыбеков қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

🔹️Айта кетейік, бәсеке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button