Басқа спорт түрлері

Дәурен Абаев Алматыдағы республикалық спорт колледжі жабылмайтынын айтты

Алматыда спорт колледжі жабылмайды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik.kz

Оның айтуынша, билік Алматыда республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады деген пікірге келді.
«27 мамырда Алматыда республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Спорттық оқу ұйымдарының директорлары шақырылды. Нәтижесінде біз ортақ шешімге келдік. Колледждің орнына ашылады деп жоспарланған жаттығу орталығы енді колледж жанынан ашылады. Ол жыл бойы жұмыс істеп, спорт мекемелерінің жұмысын күшейтеді», — деді мәдениет және спорт министрлігінің басшысы.
Абаев спортшылар карьерасын жалғастыруға мүмкіндік алатынын, мекемені құруда озық халықаралық тәжірибені ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кеңес барысында алдағы 2022-2023 оқу жылына колледжге түсу үшін мұқият іріктеу және сапалы қабылдау тапсырылды.
2011 жылы колледж базасында бірнеше эксперименталды сынып ашылған болатын. Министр оларда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық база стандарттарға сәйкес келетін жерде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болуға тиіс деп хабарлады.
«Сондықтан бұл сыныптар Қаркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі және Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне беріледі», — деп атап өтті Абаев.
Еске сала кетсек, Алматыдағы спорт колледжінің айналасындағы даудың басталғанына біраз болды.Спортта дарынды балалардың ата-аналары оқу орнының жабылуы туралы күтпеген жаңалыққа наразы болды. Оқу орнының басшылығы оқушыларды басқа мектептерге жіберіп, колледжді реформалауды жоспарлады. Спорт колледжінің орнында олимпиадалық резервті дайындау орталығын ашуды жоспарланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button