«Гауһар лигада» Қазақстанның екі спортшысы жүлдеге қол жеткізді
АҚШ-тың Юджин қаласында (Орегон штаты) жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" үшінші кезеңі өтті. Жарты ғасырға жуық тарихы бар Prefontaine Classic бәсекесіне Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ алғаш рет «Гауһар лигасы» кезеңінде 4 атлетіміз бақ сынап отыр.
Әуелі биіктікке секіру сынында қазақстандық Надежда Дубовицкая 1,93 метрді бағындырып, үздік үштікті түйіндеді. Токио Олимпиадасының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) украиналық Ярослава Магучих ешкімге дес бермесе, (2 метр), америкалық Вашти Каннингем (1,93 метр) 2-орыннан көрінді.
Осыдан кейін 3 мың шақырымға кедергілермен жүгіру сынында Нора Джеруто топ жарды. Ұлттық құрама көшбасшысының уақыт көрсеткіші – 8.57.97 секунд. Норадан кейін мәре сызығын бахрейндік Винфред Мутиле Яви мен эфиопиялық Мекидес Абебе Демевоз кесті. Айта кетейік, Джеруто былтыр 21 тамызда осы Юджиндағы бәсекеде жеңіске жеткен (Уақыты 8:53.65 секунд).
Ал 5 шақырымға жарыста Дейзи Джепкемей 7-ші (14.52.64 секунд), Каролина Кипкируи 8-орынға (15.05.68 секунд) жайғасты.