Таеквондо

Таеквондо: отандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атанды

Қазақстандық үш маман халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды.

Әзербайжан астанасы Бакуде таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өтіп, онда қазақстандық мамандар да білімін толықтырды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша үш қазақстандық маман, атап айтқанда, Малика Жандаева (Алматы қаласы), Айдана Махимова (Атырау облысы), Асылбек Байқоңыров (Жамбыл облысы) халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button