Таеквондо

Италиядағы Гран-приге қазақстандық таеквондошылардан кім қатысады

Халықаралық аламанда еліміздің атынан бес қазақстандық бақ сынайды.

Италия астанасы Римде 3-5 маусым аралығында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық аламанда еліміздің атынан бес қазақстандық бақ сынайды.

Таеквондошылар тізімі:

Самирхон Абабакиров (58кг)

Нұрлан Мырзабаев (80кг)

Руслан Жапаров (+80кг)

Смайыл Дүйсебай (+80кг)

Жансель Дениз (+67кг)

Айта кетерлігі, аталған серияның екінші кезеңі Франция астанасы Парижде 2-4 қыркүйекте өтсе, үшінші кезең Ұлыбританияның Манчестерінде 21-23 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал финал Қытайдың Уси шаһарында 12-13 желтоқсанға жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button