Бокс
Әбілхан Аманқұл кәспқой бокстағы дебютін сәтті бастады
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

Боксшы кәсіпқой рингке алғашқы қадамын АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде бастады. Ол америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) жолықты.
Орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған болатын. Әбілхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы карьерасын сәтті бастады. Ал Макдональд бірінші рет жеңілді.
http://https://www.instagram.com/p/CeaxEnTKteB/