Бокс
Бекман Сойлыбаев мексикалық боксшыны жеңді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО)мексикалық Томас Рохасты (52-20-1, 34 КО) жеңді.
Жекпе-жек Adal Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Ақтауда өтті. Жерлесіміз екінші орта салмақта өнер көрсетті.
Жеңісті төрешілер бірауыздан Бекман Сойлыбаевақа берді. Осылайша, Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіби бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Томас Рохас болса, 21-ші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Рохас екінші ең жеңіл салмақта WBC чемпионы атанған.