Бокс

Нұрдәулетов кәсіпқойдағы бесінші жекпе-жегін қазақстандық боксшымен өткізді

Ақтаудағы кәсіпқой бокс кешінде жартылай ауыр салмақта қос қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты.

Атап айтқанда, әуесқойлар әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (4-0, 2 КО) пен Михаил Коханчик (4-0, 4 КО) жұдырықтасты. Екеуі де бұған дейін кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, бәрін жеңген. Бұл жолы өзара жекпе-жекте Нұрдәулетовтің жолы болды.

8 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін толық жағасып,Бекзат төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button