Су спорты
25 маусым. Су спорты түрлерінен әлем чемпионатындағы жағдайымыз қалай?
Будапештте су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.
Назарларыңызға қазақстандық атлеттердің 25 маусымдағы нәтижелерін ұсынамыз.
Әртістік жүзуде Эдуард Ким мен Жаклин Якимованың аралас дуэті финалда жетінші орынды иеленді.
Акробатикалық топ сегізінші орыннан көрінді.
Ерлер арасындағы су добынан алдын ала раундта Қазақстан Сербиядан 3:22 есебімен ұтылды.
Турнир 3 шілдеге дейін жалғасады.