Дзюдо

Абиба Әбужақынова Ұлан-Батырдан қола медаль еншіледі

Дзюдодан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды.

Абиба Әбужақынова алғашқы айналымда Түрікменстан қызын ұтып, екінші айналымда бас жүлдеден басты үміткер израильдық Шира Ришониді вазари ұпаймен ширек финалға шыққан. Ширек финалда Оңтүстік Африкаспортшысын ұтса, жартылай финалда Моңғол қызы Ганбаатар Наранцэцэгтен иппон әдісімен жығылды. Қола үшін белдесуде IJF атынан өнер көрсеткен Сабина Гилиязовадан басым түсті.

Ал жігіттеріміз алғашқы айналымдарда жығылыпқұралақан қалды. 60 келіде Бауыржан Нарбаев алғашқы айналымда бос болып екінші айналымда жапонның мықтысы Риужи Нагаиамадан ұтылды. 60 келіде сынға
түскен тағы бір жерлесіміз Қанат Сейілхан да екінші айналымнан аса алмады. Ал 66 келі салмақ дәрежесінде белдескен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов жарысты бірінші болып бастады.

Ол алғашқы айналымда өзбекстандық Рохимжон Субхоновты қосымша уақыттың 1 минут 40 секундта иппон әдісімен жыққанымен, екінші айналымда француз спортшысы Валиде Хиярға жығылып қалды. 66 келіде күрескен тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда бос болып екінші айналымда моңғол спортшысынан жығылып, жарысты ерте аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button