Басқа спорт түрлері

VII Халық спорты ойындарының жеңімпазы анықталды

Қостанайда VII Халық спорты ойындары мәресіне жетті.

Бұқаралық спорт олимпиадасы аталып кеткен бәсекеде соңғы болып қол күрес пен шағын футбол шеберлері кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды drs_kz.

Он күнге созылған ойындарда Қостанай облысы жеңімпаз атанса, Алматы қаласы — екінші, Нұр-Сұлтан қаласы 3-орын алды.
Айта кетейік, Қостанайдағы Халық спорты ойындарына 17 команданың 1 200-ден астам спортшысы қатысты. Олар 10 күн бойы 9 спорт түрі – шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір спорты мен қол күрестен сынға түсті.

Сондай-ақ әр өңірден келген 200-ге жуық төреші бәсекелердің барынша әділ өтуіне ат салысты.

Енді 4 жылдан кейін, яғни 2026 жылы VIIІ Халық спорты ойындарын түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қабылдамақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button