Шетел жаңалықтары

Бэйлдың қай клубқа ауысатыны анықталды

Уэльс футбол құрамасының капитаны Гарет Бэйл өзінің твиттерінде Солтүстік Американың MLS лигасында ойнайтын "Лос-Анджелес" футбол клубымен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

32 жастағы ойыншының Мадридтің «Реалымен» келісімшарты маусым айында аяқталды және ол ұзартылған жоқ.

«Жуық арада кездескенше, Лос-Анджелес», — деп жазды Бэйл әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бэйл 2013 жылы ағылшынның «Тоттенхэм» клубынан «Реалға» ауысты. Transfermarkt порталының хабарлауынша, мадридтіктер футболшы үшін 100 миллион еуро төлеген, бұл сол кездегі футболдағы ең үлкен трансфер болды.

Мадридтіктер құрамында Бэйл барлығы 258 матч өткізіп, 106 гол соғып, 67 нәтижелі пас берді, сондай-ақ үш рет Испания чемпионатын, бір рет ел Кубогы мен Суперкубогын, бес рет Чемпиондар лигасын, екі рет УЕФА Суперкубогын және төрт рет клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button