Дзюдо

Қола медаль жауған күн болды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өткен дзюдо күресінен Grand Slam турнирінің соңғы күнінде Қазақстан қоржынына бірнеше қола медаль түсті.

Бұған дейін 90 келіге дейін салмақта Дидар Хамза үштікке ілінгенін жазсақ, одан кейін 100 келіден жоғары салмақтағы Әділ Оразбаев та сол биіктен көрінді. Ол қола медаль үшін тартыста Бірккен Араб Әмірліктерінен келген Магомедомаров Магомедомарды жеңді.

Ал қыздардан 78 келідеген жоғары салмақта күрескен Кәмилә Берліқаш иеленді. Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде татами иесі Номинзул Дамбарджаның осал тұсын тапты.

Жұма күні 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова да үштіктен табылған. Сонымен Қазақстан қоржынында 4 қола медаль бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button