Теннис
Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
«Үлкен дулыға» жарысы – Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір жарым сағатқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.
Александр екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады.
Бүгін сондай-ақ Михаил Кукушкин кортқа шығады. Оның қарсыласы — америкалық Дженсон Бруксби.