БастыТеннис

Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған хорватиялық Петра Мартичпен шеберлік байқасты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған хорватиялық Петра Мартичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партия барысында П.Мартич алға кеткенімен, Елена есесін жібермеді. Есеп 5:5 болған мезетте өз геймін алып, сетті брейкпен тәмамдады – 7:5. Екінші партияда Рыбакина сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:3. Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың 4-еуін пайдалана білді. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 44-сатыда тұрған аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button