Ауыр атлетикаБасты

Алексей Ни бас бапкер болып тұрғанда Илья Ильиннің үйін тартып алды — Алмас Өтешов

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының экс-мүшесі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Берен Live жобасына берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері болған Алексей Нидің 17 жасар Илья Ильинді алдап, үйін тартып алғанын айтты.

Илья Ильин, білесіздер, 17 жасында ересектер арасында әлем чемпионы болды. Сол кезде оған Қызылорда қаласынан пәтер сыйлады. Одан кейін еліміздің беретін сыйқасы бар, ағаларының сыйлығы бар. Соған Алматыдан үй сатып алды, — дейді Алмас Өтешов.

Спортшының айтуынша, 2008 жылы Олимпиаданың алдында Венгриядан допинг тексеруге адамдар келген. Арасында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті болған Тамаш Аян да болыпты.

. Сол кезде Алексей Ни (ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері — авт.) Илья Ильинге: «Сен допинг ішкенсің, ты грязный, я буду разводить» деп айтқан. Ол кезде Илья 17 жасар бала, ақшасы жоқ, бірақ сыйға алған пәтері бар. Соны берді Алексей Ниге, «Мына үйімді алыңыз, сіз өзіңіз шешіңіз» деп. Сомен Алексей Ни үйді алып, кейін шештім деді. Ол кезде Илья екеуіміз базада бір бөлмеде тұрамыз. Илья келіп, « Алексей Ни шешіп берді» деп айтты, — дейді Өтешов.

Оның айтуынша, осыдан соң, Ильяның жеке бапкері болған Ержас Болтаев 2010 жылдан бастап осы жағдайды зерттейді.

Айтып тұрмын ғой, өте талантты жігіт Ержас. Сөйтсе, Илья Ильин допинг, ештеңе ішпеген. Тек Алексей Геннадьевич, біздің бас бапкер алдап соққан. 17 жасар баланы. Үйді біреудің атына аударып алған,— деді спортшы.

Кейін Илья Ильин құрамадан кеткен соң Алексей Ниден үйін қайтарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button