Шетел жаңалықтары
Юдзуру Ханю спорттық карьерасын аяқтамақ
27 жастағы Ханю әуесқой мәнерлеп сырғанаудан кәсібиге ауыспақ
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю спорттық карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады.
27 жастағы Ханю әуесқой мәнерлеп сырғанаудан кәсібиге ауыспақ.
Жапон жігіті Олимпиаданың алғашқы алтынын 2014 жылы иеленді. Ол кезде қазақстандық Денис Тен қола жүлдегер атанған болатын.
2018 жылы Пхенчханда (Корея Республикасы) жетістігін қайталады. Ал Бейжіңдегі ойындарда Ханю төртінші орыннан көрінді. Юдзурудың екі дүркін әлем чемпионы, ӘЧ-2017-де командалық сынның жеңімпазы және төрт құрлық чемпионы деген атақтары бар.