Таеквондо
Таеквондо: қазақстандық жасөспірімдер біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр
Алматының Дзюдо академиясындағы жаттығуға Сауд Арабиясынан 16, БАӘ-ден 8 таеквондошы қатысуда.
Таеквондодан Қазақстанның кадеттер құрамасы Сауд Арабиясы және БАӘ спортшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясы.
Алматының Дзюдо академиясындағы жаттығуға Сауд Арабиясынан 16, БАӘ-ден 8 таеквондошы қатысуда.
Оқу-жаттығу жиындары 24 шілдеге дейін жалғасып, 25 шілдеде құрамамыз әлем чемпионатына жолға шығады.
Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінің жалауы Болгария астанасы Софияда 28-31 шілде аралығында желбірейді.