Басты

Қазақстан кубогы: «Ақжайық 3 ойында 6 ұпай жинады

Футболдан Қазақстан кубогының үшінші турында «Ақжайық» өз алаңында «Қызылжар» командасын қабылдады.

Оралдағы «Ақжайық» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 51-минутында грузиялық шабуылшы Тома Табатадзе есеп ашқан. Осы есеп соңына дейін сақталып қалған.

Осылайша, молдовалық маман Игорь Пикущактың шәкірттері Қазақстан кубогы ойындарында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, өз тобында 6 ұпаймен екінші орында келеді. Бұл топта 9 ұпаймен Қызылорданың «Қайсары» көш бастап тұр.

«Ақжайық» – «Қызыл-Жар» – 1:0

«Ақжайық»: Степан Сикач (қ) – Бауыржан Омаров (к), Мирам Сапанов (Сергей Шустиков, 46), Виталий Приндета, Павел Назаренко – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук, Ардақ Сәулет (Александр Вулфов, 77), Илья Коваленко (Завен Бадоян, 77) – Лука Имнадзе (Оралхан Өміртаев, 77), Тома Табатадзе (Бекзат Иманғазеев, 90+6);

«Қызыл-Жар»: Вадим Петров (Қ) – Юрий Бушман, Матео Мужек (Марк Гурман, 56), Валерий Каршакевич (К), Олег Мурачев, Еркін Тапалов – Мусса Коне (Пабло Подио, 56), Жиан Мартинс, Рафаиль Оспанов (Сергей Тихоновский, 56 (Евгений Козлов, 64)) – Гиорги Иваниадзе (Тимур Мульдинов, 61), Элгуджа Лобжанидзе;

Басқа жаңалықтар

Back to top button