Басты

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан құрамасы шеруге Мемлекеттік туды алып шықпады

Үндістанның Ченнаи қаласында 44-ші шахмат олимпиадасының ашылу рәсімі өтті.

Әлемнің 186 елінен барған 1736 шахматшы өзара үздіктерді анықтайды.

Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысуда. Шахмат демекші, соңғы уақытта елімізде осы зияткерлік ойын төңірегінде дау көбейіп кетті. Бұған дейінгі 3 млрд теңгеге қатысты мәселені шеше алмай жүргенде,  федерация тағы сынға ұшырап отыр.

Бұл жолы енді Мемлекеттік туға қатысты. Олимпиадаға қатысушылар шеруінде Қазақстан құрамасы Мемлекеттік туды алып шықпаған. Мұны белгілі шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова хабарлады.

«Олимпиадаға қатысып жатқан 186 ұлттық құраманың 185-і шеруге мемлекеттік туларын алып шықты. Неге 185 деп сұрарсыз? Себебі Қазақстан шахмат федерациясы туды апаруды не ұмытып кеткен, не керек емес деп тапқан, не ту сатып алуға 20 мың теңгесін қимаған», – деп жазды Лиана.

Басқа жаңалықтар

Back to top button