Бір аптадағы қазақ спортының жетістігі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткен аптада еліміз спортшыларының ірі халықаралық турнирлердегі жеңісі туралы мәлім етті.
Өткен жеті күнде Қазақстан спортшылары бірнеше рет құрмет тұғырына көтеріліп, еліміз Әнұраны әлемнің түрлі нүктелерінде шырқалды.
Күрес
Римде (Италия) өтіп жатқан U-17 әлем чемпионатында Дарын Әскербек (55 келіге дейін) және Ками Куруглиев (92 келіге дейін) еркін курестен алтын медаль жеңіп алды, Арсен Жұма (48 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (60 келіге дейін) грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алды, Алина Ертөстік 73 келіге дейін қыздар арасында үшінші болды. Сондай-ақ осы жылдың 26 шілдесінде Варшавада (Польша) әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша Марина Қайпанова-Седнева (55 келіге дейін) күміс, ал Диана Қаюмова (59 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.
Шахмат
Үндістанда шахмат олимпиадасы жалғасуда. Үшінші раундта Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы жеңіске жетті. Әйелдер командасы Перуді 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіс тұғырынан көрінсе, Назерке Нұрғали жеңіліп қалды. Сонымен қатар ерлер құрамасы Ливанды 4:0 есебімен жеңді. Қазақстан Қытай Тайбэйін 3:1 есебімен жеңіп, Тәжікстаннан 1,5: 2,5 болып ұтылды.
Теннис
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында WTA 250 BNP Paribas Poland Open сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Керлинг
Алматыда аралас жұптар арасында керлингтен 22-ші Әлем кубогы өтті. Ұлттық құраманың қоржынында алтын (Әділ Жұмағожа, Ангелина Эбауер), күміс (Дмитрий Гарагуль, Елизавета Уточко) және қола (Мұздыбай Құдайбергенов және Регина Эбауер) бар.